Көлсайға демалысқа барған 16 жастағы жасөспірім жылан шағып ауруханаға жеткізілді

Көлсай көлдерінде 16 жастағы қызды жылан шағып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кезекшілік атқарып жүрген кезде болған. Демалушылар құтқарушыларға жүгініп, жасөспірім қызды жылан шаққанын хабарлаған.
Құтқарушылар зардап шеккен қызға құтқару бекетінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін қызметтік көлікпен медициналық мекемеге жеткізген.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырды. Ведомствоның мәліметінше, аптап ыстықта бауырымен жорғалаушылардың белсенділігі артады.
ОқыңызҚұтқарушылар белгіленген бағыттан шықпауға, демалатын орынды мұқият тексеруге, сондай-ақ жыландарға жақындамауға және оларды ұстауға әрекет жасамауға кеңес береді.
Жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, 112 нөміріне хабарласу қажет.