Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты сынамаңыздар": Шахматшы Бибісара Асаубаева жанкүйерлердің сынынан кейін қазақ тілін үйренуге кірісті

 
Бибісара Асаубаева
Фото: Michal Walusza / Norway Chess

Шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өзіне айтылған сыннан кейін мемлекеттік тілді жетік меңгеруге кіріскенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

22 жастағы спортшы өзінің тіл үйренуді бастағанын Telegram-арнасында жазды.

Шахматшы алғашқы сабақтарының бірінен қысқа видео да жариялап, бұл тек бастамасы екенін айтты.

"Қатты сынамаңыздар. Мұнда өзімнің дамуым мен жетістігімді көрсетіп отырамын", – деп жазды Асаубаева.

Жанкүйерлер спортшының бұл бастамасын жылы қабылдап, әлеуметтік желіде қолдау пікірлерін жазды.

 Айта кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева кейбір сұхбаттарын тек орыс тілінде бергені үшін сынға ұшыраған еді. Кейін ол мемлекеттік тілді үйренуге уәде берді.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 06 Шілде, 2026 11:42