Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ганга өзені болып жатыр": Атыраулық тұрғын қаладағы жаңадан ашылған Малибу жағажайын сынға алды

Жағажай Атырау сынға қалды
Фото: Желі кадрларынан скрин

Желіде Атыраудағы "Малибу" жағажайының жағдайы қызу талқыланды. Жергілікті тұрғын жуырда ашылған жағажайдың жағдайын сынап Павлодардағы жағажайлармен сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абылайхан Есқали есімді азамат желіде жағажайдың видеосын жариялап, бұл орынды одан да жақсы етіп ұйымдастыруға болатынын алға тартты. 

“Осы жерді көрген сайын бір ой келеді. Бір кезде дәл осы жерді халыққа арналған заманауи жағажай жасайық деп ұсыныс айтқан едім. Бірақ қолдау таппады.

Негізі бұл жердің потенциалы өте жоғары. Тек дұрыс ұйымдастыру керек еді. Қазір қарасаң, Атырауда жаз болса да, отбасымен барып еркін демалатын, талапқа сай жағажай жоқтың қасы. Қанша уақыт күтеміз? Атырауға қашан нағыз жағажай болады? Бұл сын емес. Бұл – өз қаламыздың жақсы болғанын қалайтын қарапайым тұрғынның пікірі”, – деді ол. 

Бұған дейін Атырау қаласының әкімдігі Жилгородок шағынауданында орналасқан "Малибу" жағажайының ашылғанын хабарлаған еді. Әкімдік мәліметінше, жаңа демалыс аймағы қауіпсіз әрі жайлы демалысқа қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Мұнда күзет ғимараты, бақылау мұнарасы және демалушыларға арналған орындықтар орнатылған.

Билік өкілдері жағажайдың ашылуы қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі екенін мәлімдеген.

Осы талқылаулар аясында атыраулықтар екі қаладағы жазғы демалыс жағдайын салыстырып, Атырауда шын мәнінде жайлы жағажай қашан пайда болатынын сұрауда.

“Мына лас жерге қалай шомылады?”, “Үндістандағы Ганга өзені болып жатыр”, “Қайдағы жағажай, топырақ балшықтан басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын”, – деп жазды жұртшылық.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 06 Шілде, 2026 15:54