Қазақстанда Астана есімді қанша адам тұрады

Астана күніне орай Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұратынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана қаласының халқы 1 674 699 адамды құраған. Оның 884 мыңы – әйелдер, 790 мыңы – ерлер.
2025 жылы елордада 27,4 мың сәби дүниеге келген. 2026 жылдың басында қалада 18 жасқа дейінгі 545 мың бала тұрған. Оның ішінде 280 мыңы – ұл, 265 мыңы – қыз. Биылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында Астанада 3469 неке тіркелген. Елорда тұрғындарының орташа жасы 30,9 жас.
ОқыңызСондай-ақ елордада 31 театр, 5 музей, 35 кітапхана және 24 саябақ бар.
Қала қонақтарын бес жұлдызды алты қонақүй қабылдайды. 2026 жылдың алғашқы тоқсанында Астана қонақүйлеріне 67,9 мың шетелдік турист тоқтаған.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген