Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та аптап ыстықтан 25 адам көз жұмды

АҚШ-тың бірқатар өңірінде тіркелген рекордтық аптап ыстықтан 25 адам қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәліметке сәйкес, қаза болғандардың ең көбі Нью-Джерси штатында тіркелген. Мұнда 22 адам аптап ыстықтың құрбаны болды.

Нью-Джерси штатының Денсаулық сақтау департаментінің өкілі Далия Эваистің айтуынша, көз жұмғандардың басым бөлігі – жасы 30 бен 80 аралығындағы азаматтар. Өлім жағдайлары штаттың 10 округінде, негізінен орталық және солтүстік бөлігінде тіркелген.

Сондай-ақ Иллинойс штатында бір адам, Миссисипи штатында екі адам қайтыс болған. Қаза тапқандардың көбі кондиционері жоқ үйлерден табылса, кейбірі көшеде немесе тұрақта тұрған көліктердің ішінде көз жұмған.

Аптап ыстық 4 шілдеде Вашингтонда өткен АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шараларға да әсер етті. Ұлттық аллеядағы мерекелік шара кезінде бірнеше адамға медициналық көмек көрсетілді. Жылу соққысын алғандардың нақты саны әзірге нақтыланып жатыр.

Назархан Уән
Жексенбі, 05 Шілде, 2026 18:33