Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында әріптесін өлтірген ер адам 15 жылға сотталды

әкімшілік рахымшылыққа ілігу
Фото: pixabay.com

Жамбыл облысында үш ер адам әріптесін өз пәтерінде өлтіріп кеткен. Сот олардың бірін 15 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Шу қаласында болған. 40 жастағы әйел төрт күн бойы туыстарымен байланысқа шықпаған. Кейін оның аяусыз қорланған мәйітін ұлы өз пәтерінен тауып алған.

Тергеу барысында марқұмның қайтыс болар алдында үйіне жұмыстағы үш әріптесі қонаққа келгені анықталды. Бір сәтте олардың арасында жанжал туындап, ер адамдардың бірі пышаққа жармасқан. Ол әйелге 12 рет пышақ сұққан.

Осыдан кейін қалғандары қылмыстың ізін жасыруға тырысып, бәрін мұқият жуып-тазалап, есікті жауып, ештеңе болмағандай кетіп қалған.

35 жастағы ер адам аса қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмыс туралы хабарламаған екі сыбайласы әрқайсысы 3 жыл 6 ай мерзімге колонияға сотталды.

“Сот барлық үш сотталушыға қатысты кінәні мойындауын, жасаған ісіне өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын ішінара қанағаттандырып, А.-дан моральдық зиянды өтеу ретінде екі жәбірленушінің әрқайсысының пайдасына 5 миллион теңгеден өндіріп алу туралы шешім шығарды”, – деді Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Алина Райымбаева.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 06 Шілде, 2026 08:10