Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысырда шөл даладан көне Византия қаласы мен аузындарына алтын салып жерленген адам қабірлері табылды

Византия көне қала табылған
Фото: theguardian.com

Мысырдың батысындағы Дахла оазисінен 1700 жылдық Византия дәуірінің қаласы табылды. Сонымен қатар ауыздарына алтын салынған бірнеше адамның қабірі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Археологтар қазба жұмыстары барысында жақсы сақталған, шамамен 1,7 мың жылдық тарихы бар Византия дәуіріне тиесілі тұрғын қалашығын анықтады.

Сонымен қатар қазба кезінде Византия қонысының күнделікті тұрмысы, шаруашылығы мен экономикасы туралы сирек мәлімет беретін бірқатар артефакт табылған. 

Византия көне қала табылған
Фото: theguardian.com

Бұдан бөлек, археологтар тағы бір ірі жаңалық туралы мәлімдеді. Александрия қаласына жақын орналасқан Марина-эль-Аламейн ауданынан 18 көне қабір табылды.

Олардың қатарында жартасқа ойылып жасалған және әктас қабірлер, адам сүйегі сақталған гранит саркофаг, марқұмдардың аузына алтын пластинкалар салынған бірнеше жерлеу орны бар.

Византия көне қала табылған
Фото: theguardian.com

"Ежелгі заманда "алтын тіл" деп аталған бұл жерлеу рәсімі марқұмның о дүниеде сөйлей алуына көмектеседі деген сеніммен жасалған", – делінген жарияланымда.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 06 Шілде, 2026 10:15