Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропада өлімге әкелуі мүмкін қауіпті инфекция тарала бастады

инфекция
Фото: depositphotos.com

Еуропада өлімге әкелуі мүмкін бактерия таралып жатыр. Ол адам қаны мен ағзасына енген жағдайда сепсиске алып келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы Vibrio vulnificus деп аталатын қауіпті бактерияның таралу қаупі артқанын ескертті. Бұл бактерия адам ағзасына енген жағдайда ауыр инфекция тудырып, тері мен жұмсақ тіндерді зақымдауы мүмкін. Сол себепті оны кейде бейресми түрде "ет жейтін бактерия" деп те атайды.

Бұл бактерия некротикалық фасциит тудырып, тіндердің өлуіне әкелуі мүмкін. Кей жағдайларда науқастың өмірін сақтау үшін аяқ-қолды кесіп тастауға тура келеді. Ал қанға түскен жағдайда инфекция сепсиске ұласуы ықтимал.

Бұл бактерия көбіне өзен сағалары мен теңізден бөлініп қалған тайыз су айдындарында, сондай-ақ жылы әрі тұзы аз суда тез көбейеді. Бұрын Жерорта теңізінің жоғары тұздылығы оның таралуын тежеп келген. Алайда соңғы жылдары судың жылынуы мен тұздылық деңгейінің төмендеуі бактерияның таралуына қолайлы жағдай жасап отыр.

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 06 Шілде, 2026 16:57