Алматы өмір сүру құны бойынша Қазақстандағы ең қымбат қала деп танылды

Халықаралық Numbeo сервисінің рейтингіне сәйкес, Алматы Қазақстандағы өмір сүру құны ең жоғары қала атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зерттеуге әлемнің 547 қаласы, соның ішінде Алматы мен Астана да енген. Рейтинг азық-түлік, кафе мен мейрамханадағы тамақтану, көлік, коммуналдық қызметтер және басқа да күнделікті шығындар негізінде жасалған.
Қазақстан қалаларының ішінде Алматы ең жоғары орынға көтеріліп, 409-орынға жайғасты. Оңтүстік мегаполис рейтингте Куала-Лумпур мен Тбилиси қалаларының арасында орналасқан.
Ал Астана 469-орынға тұрақтады. Рейтингке сәйкес, елордада өмір сүру Алматы, Баку және Батумиге қарағанда арзанырақ. Бірақ Киев пен Украинаның бірқатар қаласына қарағанда қымбатырақ.
Әлемдік рейтингте Цюрих өмір сүру құны ең жоғары қала деп танылды. Ал алғашқы ондықтың басым бөлігін Швейцария қалалары иеленген. Ең арзан қалалар ретінде рейтингтің соңында Үндістан қалалары орналасқан.
Оқыңыз