Тоңазытқыштағы нәрестенің өлімі: Оқиғадан кейін перзентхананың 200-ге жуық дәрігері жұмысынан кетеміз деп отыр

Атырауда тоңазытқышта тірідей көз жұмған сәбидің оқиғасынан кейін перинаталдық орталықтағы ахуал ушығып кеткен. Мұнда жұмыс істейтін 400-ге жуық ақ халаттылардың тең жартысы жұмыстан кетеміз деп отыр. Себебі жұрт тарапынан қысым көбейіп кетіпті. Босануға келген келіншектердің туған-туыстары өздеріне «жаналғыш» тәрізді қарайтындарын айтады. 

Тоңазытқыштағы нәрестенің өлімі: Оқиғадан кейін перзентхананың 200-ге жуық дәрігері жұмысынан кетеміз деп отыр

Нәрестені тоңазытқышқа тығып өлтірген оқиғадан кейін перинаталдық орталықтағы ахуал күрт нашарлап кеткен. Онда жұмыс істейтін дәрігерлер өздеріне деген қоғам көзқарасының өзгергеніне қапалы. Бұл моральдік-психологиялық жағынан ауыр тиіп жатыр дейді. Осындай оқиғадан соң
көбісі жұмыстан шығуға арыз жазуда екен. Бүгінгі күннің өзінде жартысынан көбі өз еркімен кетуге бел буыпты. Өйткені жуырда ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдемесі, мамандардың ашуына тиген көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетіндегілер брифинг өткізіп, соттың шешімі шықпай, жала жапты. Екіншіден, халық бізге күйе жағып, неше түрлі сөз айтты. Психологиялық шабуыл жасады», - дейді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Қолқанат Медетов.

«Олар кінәлі ме, жоқ па, біз оны білмейміз. Және сот шешімі шықпайынша ешкім нақты ештеңе біле алмайды. Бізге жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздер», - дейді гинекология бөлімінің меңгерушісі Бахыт Шоқабаева.

Одан бөлек, орталыққа келген жүкті  келіншектердің туған-туысқандары, бауырлары да дәрігерлерді қорқытып, сес көрсеткен. Тіпті, әдейі телефонға түсіріп, писхологиялық-моральдік қысым жасады, дейді босану бөлімінің меңгерушісі Айгүл Шамалина.

«Барлық дәрігерлерді «өлтіруші» деді. Осы перинаталдық ортылықта 17 жыл жұмыс істеп, осындай атақты бірінші рет естіп отырмыз. Себебі өз жұмсымызды жақсы көреміз. Алайда барлығы бізді дәрігер деп санамайды! Бала мен ананы өлтіретін оңбағандар,  жалмауыздар деп санайды», - дейді Айгүл Шамалина.

Осылайша, дауға қалған перинаталдық орталыққа қатысты жағдай ушығып тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзаева іштегі ахуалды реттеуге тырысып жатқанын айтады. Оның сөзінше, министрлік  дәрігерлерді сабырға шақырып, көбісін алып қалуға тырсып жатыр екен.

«Ұжымға «жұмысымызды бірлесіп атқарайық» деп айтып жатырмын.  Бір қате кеткен шығар. Шынымен де кінәлі ме, оны ары қарай өршітіп, жұмыстарын жоққа шығаруға болмайды», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.

Дәрігерлердің жаппай жұмыстан кетуіне себеп болған тоңазықтқышта тірідей көз жұмған сәбидің ата-анасы да құзырлы органдарға арыз жазыпты.

Еске сала кетсек, Атырау облысында перзентхана басшысы мен акушер-гинекологы жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты күдіктеліп отыр. Олар нәрестені тоңазытқышқа салып қойып, өлтірген деп күдіктелуде. Атырау облысында тоңазытқышта өлген сәби үшін перзентхана басшысы қамауға алынды. Аталған қылмыс басшының телефонын тыңдау барысында анықталды

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...