Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тоңазытқышқа сақтап, қорек еткен": Ер адам 58 адамның жыныс мүшесін кесіп алған

Норвегиялық Мариус Густавсон Ұлыбританияда сотталды. Ол серіктестерімен бірге адамдардың аяқ-қолы мен жыныс мүшелерін кесетін астыртын ота жасаған. Ол операция сәтін видеоға түсіріп, "Евнуходел" деп аталатын ақылы сайтқа орналастырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: BBC

Сотталушы Густавсон кесілген органдарды жеп, кейбірін кәдесый ретінде сақтаған. 

Густавсон Кен қуыршағына еліктеп, асхана пышағымен жыныс мүшесін кесіп, ұрық безін қабырғаға іліп қойған

Мариус Густавсон Осло маңындағы норвегиялық қалашықта өскен. Жас кезінде пошта бөлімшесінде жұмыс істеп, кейін алаяқтықпен ұсталған. Алғашында тұрғын үй кооперативін алдағаны үшін шартты түрде сотталып, бір-екі жылдан кейін желідегі алаяқтық үшін сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Густавсон түрмеден шыққан соң үйленіп, тыныш өмір сүре бастаған. Алайда әйелі оны тастап кеткен соң, 2016 жылы қылмыс әрекеттерін қайта бастаған. Густавсон Ұлыбританияға көшіп, Лондонға қоныстанды. 

Адвокаттың айтуынша, мұндай сирек кездесетін ауруға шалдыққан адамдар мүгедек болуды армандайды. Густавсон, жыныс мүшелерінен құтылып, Кен қуыршақтарына ұқсағысы келген екен.

Фото: BBC

Ажырасқаннан кейін бір жыл өткен соң Густавсон секс-қызметкер Дэмиен Бирнске жыныс мүшесін кесуді өтінген. 

"Густавсон кәдімгі асхана пышағын беріп, не істеу керектігін түсіндірді. Бұл үшін ол 500 фунт стерлинг төлеуге уәде берді. Барлық нұсқауларды орындағаннан кейін, шыны керек жүрегім айнып, құсқым келді. Алайда, уәде етілген ақшаны алу мүмкін болмады. Густавсон бар болғаны 50 фунт стерлинг төлейтінін айтты. Мені бопсалап, полицияға өзі жарақаттады деп айтып, шағымданатынын жеткізді. Ол кесілген ұрық безін сақтап, төсегінің үстіндегі жақтауға іліп қойды", - деді Бирнс. 

Екі жылдан кейін Густавсон тағы екі процедурадан өткен. Оның достарының бірі, 49 жастағы дәрігер Натан Арнольд емшегін кесіп алған. Тағы бір 23 жастағы Джейкоб Крими-Эппллби ампутацияға дайындалу үшін аяғын кесіп, мұздатқышқа салған. Ал Густавсон мүгедектер арбасына таңылып, тіпті мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы алып келген. Барлық төлемдер 18 мың фунт стерлинг болды.

Жыныс мүшелерін кесу туралы бейнелерді Солтүстік Кореядан басқа әлемнің барлық елдері көрген

Густавсон мен оның ізбасарлары өзін-өзі өзгертумен шектелмей, оған хоббиін бизнеске айналдырған. Олар ақылы "Евнуходел" веб-сайтын ашып, онда оталардың жазбаларын орналастырған.

Адамдардың қолы мен аяқтары және жыныс мүшелерінің қалай кесілгенін көргісі келетіндер көп болған. Бір кездері сайттағы жүктеменің өскені сонша, Густавсонға маман іздеуге тура келді. 

"Серверлер сөзбе-сөз төтеп бере алмады. Біз аптасына 300 мың келушісі, күніне 10-20 мың белсенді пайдаланушысы бар сайт туралы айтып отырмыз", - деді IT маманы Эндрю (оның аты-жөні өзгертілді). 

Егер Google Analytics-ке қарасаңыз, оны бір ғана ел көрмеген - Солтүстік Корея. 

Ота видеоларын көру үшін жылдық жазылым жүз фунт стерлинг (55 890 теңге) болады. Төрт жыл ішінде сайт Густавсонға кем дегенде 300 000 фунт стерлинг (167 миллион 671 618мың теңге) табыс әкелді. Кесілген ағзаларды сату оның негізгі табыс көзіне айналды.

Жыныс мүшелерін банкалар мен тоңазытқыштарда сақтап, кейбірін қорек етіп, қалағандарға сатқан

Густавсон кем дегенде 58 ер адамның жыныс мүшелерін алып тастағанын мойындады. Науқастардың кейбірі сот құжаттарына сәйкес 17 жасқа толмаған. 

Густавсонның пәтерін тінту кезінде полицейлер ауруды басатын дәрілердің пакеттерін, хирургиялық құралдарды, кесетін тақтайшаны, ағаш балғаны және аяқ-қолды байлайтыны бар кереует тапты. 

"Оның тоңазытқышы, жыныс мүшелері салынған банкілерге толы болды. Адамдар оларды сатып алуға келді", - деді Эндрю.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тергеу кезінде каннибализм айғақтарын тапқанын айтты. 

Густавсон аяқ-қолы мен жыныс мүшесі кесілген адамдардың жүзінен күлкі көркісі келген

Густавсонның адвокаттары айыпталушының жыныс мүшелерін кесіп тастағанын, өйткені ол адамдарға ұнамды болғысы келетінін алға тартты. 

"Ол адамдардың жүзінен күлкі көргісі келеді. Оларға көмектескісі келді", - деді олар сотта.

Адвокаттардың пікірінше, денені қабылдаудың бұзылуы синдромы бар адамдарға бұл ота көмектесті.

Густавсон өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Норвегиялыққа қасақана денеге ауыр зиян келтіру үшін алдын ала сөз байласу, баланың әдепсіз суреттерін жасау және тарату мен экстремалды порнографияны сақтау бойынша айып тағылды. Оның көмекшілері де сотта болды.

Ең ауыр үкімдердің бірі Густавсонның сыбайластарының бірі Питер Уэйтске шығарылды. Оның үйін тінту кезінде "Жібітуге болмайды!" деген жазуы бар сары май табылды, оның ішінде екі жыныс мүшесі бар. 

Ең соңғы болып норвегиялық сотталды. Сот үш күн бойы тыңдап, оған жыныстық қанағаттану және сонымен бірге ақша табу ниеті түрткі болған деген қорытындыға келді. Ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Талқылау