Тон кигені үшін: Жануарлар қорғаушысы әйелді балалардың көзінше пышақтап тастады
Американың Огайо штатында жануарлар қорғаушысы Мередит Лоуэлл тон киген әйелге шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Кливленд шіркеуінде болды. Лоуэлл балалармен хор дайындығына келген күтушіні үш жерінен пышақтаған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды, оның денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ. Ал жануарлар қорғаушысын полиция келгенге дейін куәгерлер ұстап тұрған.
Сондай-ақ, Лоуэллдің өткен жылы табиғи тон киген әйелге шабуыл жасағаны белгілі болды. 2012 жылы Facebook желісінде жануарлар терісінен жасалған киім киетіндерді өлтіру үшін жендет жалдағысы келетінін жазғаннан кейін ұсталған болатын.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады