Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төленбеген кадастрлық құн 307 миллион теңге": Алматыда урбанистика басқармасының басшысы жемқорлықпен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық бойынша Алматы қаласының жер қатынастары саласында қылмыстық істі тіркеді. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы жер учаскелерін беру және объектілердің құрылысын келісу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

парақор

Деректерге сай нәтижесінде мемлекетке 307 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерінің төленбеген кадастрлық құны түрінде залал келтірілген.

“Ол жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінде, нысаналы мақсатына қарамастан және құрылыстың тығыздығын ескермей, жекелеген құрылыс компанияларына 2020-2023 жылдары 3 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз келіскен. Одан бөлек, 2020 жылы медициналық орталық пен ХҚКО-ның құрылысын заңсыз келісе отырып (инвестициялық жобаларды іске асыру түрімен), мүдделі тұлғалардың жеке меншігіне жер учаскелерін төмен құны бойынша одан әрі негізсіз беруге ықпал етті. Шығын 180 млн теңгені құрады”, – деді ресми өкіл Арман Тілеутаев.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, басқа лауазымды адамдардың қатыстығы тексерілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Талқылау