Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқты: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Бұл жұлдыз белгісінде туылған адамдардың бойында күш-жігері жетерлік, табанды болады. Олар қиын жағдайлардың өзінен шыға алады. 

Тоқты: Жұлдыз белгісінің мінездемесі

Тоқтылардың бірбеткей келетіні әрі иілгіштік қасиеті жоқ екені белгілі. Дәл осы сияқты, олардың күш-қуаты да аңызға айналған. Тоқтылар мәмілеге келіп, өзгеге басымдылық беруді білмейді. Сол арқылы өзіне жасайтын залалы аз емес. Әсіресе, жас кезінде өмірлік тәжірибесінің аздығынан қызуқандылыққа жиі салынады.

Тоқтылардың табиғатынан оптимистік қасиеті оларға өмірдің ең қиын сәттерінің өзінде еңсесі түсіп, қол қусырып қарап отыруына жол бермейді. Алайда өзіне айтылған сындар, әсіресе жақындарының тарапынан айталатындары, олардың ұнжырғасын түсіріп, еңсесін басады. Тоқтылар менмен болғандықтан, олар үнемі қолдау мен әр әрекетінің мойындалып, бағалануын қажетсінеді. 

Тоқты-әйелдердің мықты мінезі табиғи нәзіктігімен жұмсарғанымен, алдында кедергі кездескен бойда олар бойынша күшін жиып, еңсеруге тырысады. Аталған жұлдыз белгісінде туылған әйелдер әр нәрсенің мінсіз болғанын қалайды, адамдарды тиісінше бағалай алмайды және өмірді толыққанды күйінде қабылдай алмайды.  

Тоқты-ерлер қарқыны және іскерлігімен таңғалдырғанымен, жан-дүниесінде бала күйінде қалады. Олар алапат күш-қуатын болмашы қиындықтарға жұмсап, күшін маңызды мақсатқа шоғырландыра алмайды, сонымен қатар дұрыс кеңестерге құлақ аспайды. Алайда сәтсіздікке ұшыраған кезде өзгелердің жанашырлығын қатты қажетсінеді. 

Тоқты белсенді жұлдыз белгілерінің қатарына кіреді. Аталған жұлдыз белгісінің өкілдеріне тән мінез оларға өмірде болып жатқан жағдайлардан тысқары қалып, тек отбасын ойлауына мүмкіндік бермейді. Олар бүкіл әлемге ашық жандар ғана емес, сонымен қатар әлемді өзгерте алатынына толықтай сенімді және оған күш-қуатын, ақшасын аямайды. 

Бұл жұлдыз белгісінде туылған адамдар өмір бойы эмоцияға берілгіш келеді және оны жасыруға тырыспайды. Олардың сезімі мен әрекеттері тұрақсыз, тіпті, ашуланып, дүниені қопарып тастаса да, артынша көңілінде жағымсыз ештеңе қалмайды. Олардың мінезі тез өзгереді. 

Тоқтылар – экстраверттер. Алайда оларды айналасындағылардың қиындықтары алаңдатпайды. Олар әлемді фон ретінде қабылдап, өздері жарқырап, ерекше көрінуі тиіс деп санайды. Сондықтан олардың көбіне өзін ғана ойлайтыны, адамдарды ажырата алмайтыны, кез келген адамға алданып қалатыны қайран қалдырмайды. 

Табандылығы мен өзіне деген сенімділігіне қарамастан, Тоқтылар ақылмен әрекет етуге қабілетті. Алайда көп жағдайда ішкі түйсігіне басымдық береді. 

Талқылау