Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токиоға қарағанда жылдам: Қазақтар жапондық интернеттің жылдамдығын өлшеп, Бағдат Мусинді таңғалдырды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандық интернеттің байланыс сапасы бойынша Жапонияның Токио қаласын қоса алғанда, ондаған қаланы басып озғанын айтып, көпшілікті таңғалдырған болатын. Оның айтқанын тексеру қиынға соқпады.  Press.kz жапондықтар мен астаналықтардың мобильді интернетінің жылдамдығы шынымен қандай екенін анықтап көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақпараттық портал интернет жылдамдығын дәл қазір Жапонияда орналасқан Қазақстан азаматы саясаттанушы Донат Жулинмен бірге тексерген.

Жапондық және қазақстандық интернеттің жылдамдығын өлшеу эксперименттің дәл өтуі үшін қатар жүргізілді. Астана интернеті секундына 15,8 мегабайт деңгейін көрсетсе, бізден артта қалған Токиода 192 мегабайт деңгейін көрсетті. Осылайша Жапония 13,5 есе жоғары көрсеткішке ие болды. 

Сондай-ақ портал барлық өлшеу деректері, сондай-ақ мәліметті растайтын видео міндетті түрде зерттеу үшін Мусинге жіберілетінін жазды. 

Бұнымен қоса бүгін министр "Speedtest" рейтингінің дерегіне сүйеніп, Астананың 35 орынға жоғары шыққанын, 35 қаланы басып озғанын айтқан еді. 

“Мусинннің сүйікті Speedtest бағдарламасы бірнеше ай бойы бүкіл планетада 5G мұнараларының интерактивті картасын жүргізіп келеді. Бұлардың Қазақстанда екеуі бар, ал бізден артта қалған Жапонияда 70-тен астам”, – деп жазды портал. 

Сонымен қатар, Бағдат Мусин интернеттің сапасына наразы қазақстандықтарға мобильді трафикті үнемдеуді ұсынған еді. Оның айтуынша, интернет – бұл су сияқты таусылатын ресурс. Дегенмен, интенеттің бүкіл әлемде табиғи құбылыс емес екенін, сондықтан оның шектеулі нормасы жоқ және шын мәнінде шексіз екенін атап өткен жөн.

Айта кетсек, бүгін Бағдат Мусин халықтан шағым көп болғанымен, халықаралық рейтингіде Астананың көрсеткіші жақсара түскенін айтқан еді.

“Біз 35 қаланы басып оздық. Тіпті Токионы басып оздық. Бұл рейтингіні мен құрған жоқпын ғой", – деген еді министр.

Талқылау