Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр қазақстандықтарды интернетті үнемдеуге шақырды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин тұрғындардың интернет сапасына қатысты сынына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрге Астана қаласында интернет сапасының неге нашарлап кеткенін сұрады.

Бағдат Мусин халықтан шағым көп болғанымен, халықаралық рейтингіде Астананың көрсеткіші жақсара түскенін айтты.

"Speedtest" рейтингінің дерегіне сүйенейікші, бәріңіз оны қолданып жүрсіздер ғой. "Speedtest" халықаралық рейтингі Астананың 35 орынға жоғары шыққанын айтып отыр. Біз 35 қаланы басып оздық. Тіпті Токионы басып оздық. Бұл рейтингіні мен құрған жоқпын ғой", – деді министр.

Сондай-ақ Мусин қазақстандықтарды мобильді интернетті үнемдеп пайдалануға шақырды. 

"Қазақстандықтар (айына – авт.) 15-20 Гбайт ақпарат тұтынып үйреніп қалғаны түсінікті. Бірақ үнемдейікші, мобильді интернет деген қымбат екенін түсінейікші. Үйге келгенде Wi-Fi-ға қосылу керек. Қандай да бір мәдениет болуы тиіс", – деді министр. 

Оның айтуынша, елімізде ең төменгі мобильді интернет тарифі 2700 теңге тұрады. 

Талқылау