Токиодағы Паралимпиадада қазақстандық спортшы жүзуден қола жүлдеге ие болды
Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер арасында жүзуден 100 м брасс әдісімен S13 санатында өткен финалда Нұрдәулет Жұмағалимен бірге тағы бір қазақстандық Нұрали Советқанов жарыс жолына шықты.
Бәсеке қорытындысында Нұрдәулет 1:05.20 нәтижесімен мәрені үшінші болып қиды.
Әлемдік рекорд жасаған германиялық Тализо Энгель чемпион атанса, америкалық Дэвид Абрахамс күміс жүлдеге ие болды.
Нұрали сегізінші болып келді.
Осылайша Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті.
Бұдан бұрын Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын алса, Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина парадзюдодан күміс жүлдеге ие болған еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен