Токио Паралимпиадасы: Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина күміс жүлдегер атанды
Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық дзюдошы 70 кг астам салмақта финалда әзербайжандық Дурсадаф Каримовамен алтын жүлдені сарапқа салды. Бұл бәсекеде әзербайжандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.
Тағы бір қазақстандық Жанбота Аманжол 90 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде франциялық Гелиос Лачуманаядан иппонмен ұтылып қалды. Осылайша парадзюдодан Қазақстан құрамасы үш күміс жүлдені жеңіп алды.
"Қалайда алтын аламын деп ойладым": Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев елге оралды
Осыған дейін Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет өз салмақтарында күміс жүлдеге ие болған болатын. Сондай-ақ пауэрлифтингтен Давид Дегтярев паралимпиада чемпионы атанды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"