AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалайда алтын аламын деп ойладым": Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев елге оралды

Токиодағы Паралимпиада ойындарының алтын медаль иегері Давид Дегтярев Қазақстанға оралды. Чемпион мінген ұшақ бүгін түнде сағат 1-лер шамасында Нұр-Сұлтандағы әуежайға қонды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Әлемдік додада топ жарып, ел мерейін асырған оғланға, жанкүйерлері зор құрмет көрсетті. Ол пауэр-лифтингтен  54 келі салмақ санатында үздік атанды. Осылайша, жерлесіміз аталған ойындарда алғашқы алтынды, ел қоржынына салды.

Спортшының айтуынша, жүйелі жаттығу мен жақындарымның риясыз сенімі оны жеңіске жетелеген.

“Бәрі тамаша өтті. Қалайда алтын аламын деген ойым жүзеге асты. Әрине, ол алдымен жаттықтырушымның ақыл-кеңесінің арқасында. Сондай-ақ маған сенім артып, жігер сыйлаған отбасым, достарым, күллі Қазақ елінің қолдауынсыз мұндай жетістікке жету мүмкін емес еді”, –дейді Давид Дегтярев. 

Жеңіс үшін спортшы 250 мың доллар алады. Паралимпиадашы гонорарын қайда жұмсайтыны құпия болып қалатынын айтты. 

“Давид өте елгезек шәкірт. Айтқаныңды бірден қағып алады. Сондықтан онымен жұмыс істеу маған аса қиынға соқпады. Кешегі жеңісін төккен тер, табанды еңбектің ақталғаны деп білем. Енді келесі жарыстарда да дәл осылай топ жару керек”, – дейді жаттықтырушысы Юрий Колесников. 

Еске сала кетейік, Давид ұлттық құраманың қоржынына әзірге жалғыз алтын медаль әкелген спортшы. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 174 келілік штанганы көтерді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр