Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевтың ұсынысынан кейін Конституция өзгертіле ме: Президент сайлауы қандай мерзімде өтпек

Президент өкілеттігінің мерзімін ұзарту үшін Конституцияға өзгерістер енгізу қажет. Бұл туралы вице-министр Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Аталған ұсыныстар Конституцияға өзгерістер енгізуді талап етеді. Өйткені Конституцияның президент туралы бөлімінде өкілеттік мерзімі бес жылды құрайтыны жайлы норма бар. Сондай-ақ мемлекет басшысына екі реттен артық сайлануға болмайтыны туралы бөлек бап бар. Бұл екі норма өзгеруге тиіс", - деп түсіндірді Мұқанова мәжіліс кулуарында. 

Вице-министрдің айтуынша, заң бойынша сайлауға дайындалуға екі ай беріледі. Сол себепті алдағы кезектен тыс президент сайлауы биыл қараша айында өткізілуі мүмкін.



Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте жасаған жолдауында биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. 

Сонымен қатар Тоқаев президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді, яғни қайта сайлануға тыйым салынуды ұсынды.

Талқылау