Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевтың тапсырмасы бойынша енгізілген газ бағасын реттеу туралы бұйрық тағы алты айға ұзартылды

Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде енгізілген газ бағасын реттеу туралы бұйрық ресми түрде тағы алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында
автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада
өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 27
желтоқсандағы 2022 жылғы № 20 бұйрығы ағымдағы жылдың 29
желтоқсанында күшіне енді. Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен 2023 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке май құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік бағалық реттеуді ұзарту көзделеді", - делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұсынған ақпаратта.


"Әкімдік Президент тапсырмасын орындамады": Ақтөбеде сұйытылған газ сататын кәсіпкерлер тағы да бас көтерді

Маңғыстаудан басталған митинг: Газ құю стансаларының иелері чатта бағаны түсірмейміз деп келіскен

Айта кетейік, дәл осы газ бағасына қатысты жағдай 2022 жылдың басында Қазақстанның батысында жаппай наразылық тудырып, кейін ол бүкіл елге тарап, қанды қаңтар оқиғасына ұласқан еді.

Талқылау