Президент әкімшілігі қайта құрылды: Тоқаевтың енді бес көмекшісі болады
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжатқа сәйкес Президент әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:
Президент Әкімшілігінің Басшысы;
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
Президент Кеңсесінің Бастығы;
Президенттің көмекшілері;
Президенттің кеңесшілері;
Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
Жарлыққа сәйкес:
- ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
- экономикалық мәселелер бойынша;
- халықаралық мәселелер бойынша;
- құқықтық мәселелер бойынша;
- ғылым және инновация мәселелері бойынша президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.
Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"