Тоқаев Жоғарғы сот кеңесінің хатшысын қызметінен босатты
Әнуар Сабыров Жоғарғы Сот Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

Фото: Максим Маслов
“Мемлекет басшысының өкімімен Әнуар Жоламанұлы Сабыров Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы лауазымынан босатылды”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.
Айта кетейік, 4 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше кадрлық ауыс-түйіс жасады. Мемлекет басшысының өкімімен Айдар Сайтбеков ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болып және Қаныш Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты