Айдар Сайтбеков ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды
Айдар Сайтбеков ҚР Ішкі істер вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда таратқан ақпаратқа сүйеніп.
“Мемлекет басшысының өкімімен Айдар Мұтәлікұлы Сайтбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.
Сайтбеков бұған дейін ІІМ Алматы академиясын басқарған, бұған дейін 2019 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қаңтарына дейін Ішкі істер министрлігі кадр саясаты басқармасының бастығы болған. Ал оның алдында – 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін ол ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы болған.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған
