Жыл соңына дейін 99,3% халық сапалы интернетпен қамтылсын - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдарды интернетпен қамтуды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды", - дейді Тоқаев.
Тоқаев қашықтан оқыту әдісіне көшу интернет сапасына қатысты күрделі мәселелердің бар екенін көрсеткенін ашып айтты.
"Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"