Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Үкімет отставкаға кетеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отставкаға кетуге тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

"Үкімет біздің заңымыз бойынша отставкаға кетуге тиіс. Сайлау аяқталған соң, мен фракция басшыларымен кеңес өткізу үшін Парламентке барамын. Біз жаңа депутаттардың алдында жаңа премьер-министр мен үкімет мүшелерінің жаңа құрамын талқылаймыз", - деді Тоқаев. 

Бұл туралы қазақстандық саясаттанушы Ғазиз Әбішев пікір білдірді. 

"Техникалық тұрғыдан алып қарайтын болсақ, бұрынғы мәжіліс құзыретін жаңа мәжілістің бірінші сессиясына дейін жоғалтпайды (бірақ 2021 жылдың 24 наурызына дейін ғана). Яғни, Мамин басқаратын министрлер кабинеті отставкаға кетіп, президент кеңес өткізуді бастау үшін депутаттар ресми түрде бірінші сессияны бастап өздеріне спикер тағайындауы қажет. Шамамен бұл үрдіс келесі аптада, 14 не 15 қаңтарда болуы мүмкін. Сол кезде Тоқаев жаңа премьер-министрді таныстыра алады", - деді саясаттанушы. 


"Мәселе - ниетте": Тоқаев қазақ тілін білмейтіндерге үндеу жасады

Талқылау