Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көрнекі сурет: Ақорда
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады”, – деп жазды ол желідегі парақшасына.
- 12 мың адам эвакуацияланған: Қазақстан облыстарының жартысынан көбі тасқын судың астында қалды
- Су тасқынының алдын алуға бөлінген 7 миллиард теңге қайда жұмсалды – Төтенше жағдайлар министрлігі жауап берді
Еске салайық, өткен аптада Қазақстанда су тасқыны болды. Елдің алты облысында төтенше жағдай жарияланды. Үкімет бұл Қазақстандағы соңғы жылдардағы ең ірі су тасқыны екенін мәлімдеді. Өңірлерде халықты эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. ҚР төтенше жағдайлар министрлігі сенім телефондарын іске қосты.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек Қазақстанның 12 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр.
Бұған дейін Батыс Қазақстанда су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілгені хабарланған.