Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичпен Мәскеуде келіссөз жүргізді


Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичпен Мәскеуде келіссөз жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Александр Вучич Сербияның Қазақстанмен стратегиялық серіктестік аясын одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.

 

"Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға қос тарап та бейіл екенін растап, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелерді Сербия Президентінің биыл Астанаға жоспарланған сапары кезінде талқылауға келісті”, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Белградқа жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, оның екі ел достығын нығайтудағы және сан қырлы ынтымақтастықты дамытудағы маңызына тоқталды.

"Сапар аясында сауда және инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрландыру, жасанды интеллект, сондай-ақ әскери қорғаныс өнеркәсібі салаларына қатысты келісімдерге қол қойылған болатын”, – делінген ақпаратта.

Еске салсақ, Мәскеуге ұшып бара жатқан Сербия президенті Александр Вучич мінген ұшақ Бакуге мәжбүрлі түрде қонған еді. Ұшақ Украина дрондарының Ресей аймақтарына жасаған шабуылына байланысты Бакуге тоқтаған.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 08 Мамыр, 2025 22:55
Талқылау