Тоқаев Қазақстанда референдум өтетінін мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Референдум – бұл маңызды демократиялық институт, алайда Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілгенде өткен. Кейін "Республикалық референдум" туралы Конституциялық заң қабылданды. Алайда ол практика жүзінде бірде-бір рет қолданылған жоқ", – деді президент.
Ал Конституцияға содан кейін төрт рет түзетулер енгізілді. Конституцияның бүкілхалықтың дауыс беру арқылы өзгеруі халықтың ойын еркін білдірудің айқын көрінісі деп санайтынын айтты.
Сондай-ақ референдум әр азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беріп, жан-жақты демократия мен жаңа Қазақстанды құру бағдарымызды нығайтады деді.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді