Тоқаев парламенттік сайлаудан кейінгі ықтимал наразылықтар туралы айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полиция республиканың заңнамасына сәйкес қатаң әрекет ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Егер сайлаудан кейін қандай да бір наразылықтар болса, полиция қалай әрекет етеді және сіздің ойыңызша наразылық көңіл-күйінің себебі неде?"- деп сұрақ қойды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен наразылық көңіл-күйлері әлемнің барлық елдерінде бар деп ойлаймын. Бұл белгілі болған нәрсе. Сондықтан полицияға келетін болсақ, ол заңға сәйкес қатаң әрекет етеді. Сіз айтқандай, наразылық көңіл-күйіне қатысты ешқандай репрессивті шаралар қабылданбайды. Тағы да қайталаймын, біздің құқық қорғау органдарымыз біздің заңнамаға сәйкес жұмыс істейтін болады", - деп жауап берді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына қатысты. Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келді.
Қазақстанда мәжіліс депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Елдегі билік өкілдері алғашқылардың бірі болып сайлау учасклеріне келіп, өз таңдауын жасады.