Тоқаев Пәкістан президентіне лаңкестік шабуылға байланысты көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Әлвиге лаңкестік шабуылға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көптеген өлімге әкеп соққан шабуылға байланысты қолдау мен жанашырлық сөздерін жолдады.
"Мемлекет президенті Қазақстан халқының және өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді", – делінген хабарламада.
30 шілдеде Пәкістанда жарылыс болды. Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы "Джамиат Улема-и-Ислам" ("Ислам дінбасыларының Ассамблеясы") партиясының съезінде жарылыс кезінде 40 адам қаза тауып, тағы 200-ден астам адам түрлі жарақат алды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған