Тоқаев оқу-жаттығулары үшін Алматы облысына келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында мәлім етті.
"Президент - Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған", - дейді Берік Уәли.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қатаң шектеу шараларын енгізбеуіміз керек екенін айтқан. Сонымен қатар, мемлекет башысы шекарадағы бақылауды күшейтуді тапсырды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі