Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салу қажет

Кепілсіз тұтынушылық несиелері бар қазақстандықтардың қарызы қайтарылады. Бұл туралы БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев: Несиелік қарызы барларға бұл жолы көмек көрсетіледі, бірақ екінші рет қайталанбауы керек

"Мен тұтынушылардың өтелмеген қарыздарын төлеуге көмектесу жөнінде азаматтардан көптеген өтініш аламын. Әртүрлі себептерге байланысты әлеуметтік жағынан осал азаматтар қиын өмірлік жағдайға түсіп, өздерінің несиелік міндеттемелеріне қызмет өтей алмайтын жағдай туындады. Борыштық жүктеме өсіп, кіріс азайып жатқанжа адамдар қарыздарын қалай төлеуге болатынын білмейді. Бұл біздің елдегі 500 мыңға жуық азамат үшін басты мәселе болып тұр. Қарыздардың 86% -дан астамы миллион теңгеден аз. Қарыздың орташа мөлшері шамамен 200 мың теңгені құрайды. Қазақстан басшысы ретінде мен бұл жайға бей-жай қарай алмаймын, сондықтан мен үкіметке бір мәрте көмек ету тәртібімен шара қолдануды тапсырдым. Мен айтқан азаматтардың санаттарынан әрбір қарыз алушыға тікелей қаржылық көмек ретінде мемлекет негізгі борышты өтейді және оған есептелген сыйақы 300 мың теңгеге дейін төленеді", - деді Тоқаев.

Бұл дегеніміз негізгі қарызы мен сыйақы мөлшерін қоса есептегенде 255 мың адамның қарызы жабылады деген сөз.

"Басқалары жайында айтсам, берешектің 300 мың теңге көлемінде несиесі өтеледі. Бұл төлем айтарлықтай қолдау және борыштық ауыртпалықты төмендету болады", - деді президент.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарға болашақта мұндай жағдайдың қайталанбауын ескертті. 

"Тұтынушылық несиелер бойынша ағымдағы жағдай қайталанбауы керек. Ұлттық Банк қатаң реттеу шараларын қабылдауға және қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге міндетті", - деді мемлекет басшысы. 

Тоқаевтың сөзіне қарағанда, қаржылық жағдайының одан әрі нашарлауына жол бермеу үшін табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салу қажет.

Тоқаев көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасылардың несиесін жабуға тапсырма берді
Талқылау