Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасылардың несиесін жабуға тапсырма берді

Президент қиын өмірлік жағдайда қалған отбасылардың несиелік қарыздарын жабуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев көпбалалы және мүгедек адамы бар отбасылардың несиесін жабуға тапсырма берді

"Қазақстан Республикасының үкіметі бір реттік негізде екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында тұтынушылық несиелерді төмендегідей жағдайларда өтеу бойынша шаралар қабылдайды:

1) осы қарыздар бойынша қарызы өтелетіндер қатарына - көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылуына байланысты төлемдер алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 18 жасқа толған бала күнінен мүгедектер; жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелет жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқандар;

2) 2019 жылғы 1 маусымдағы есеп бойынша, несиенің жалпы сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;

3) 2019 жылғы 1 маусымдағы есеп бойынша, негізгі борыштан және есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін қарыздың мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды", делінген қаулыда.

Тоқаев: Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салу қажет

Қазақстан Республикасының үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) 2019 жылғы 1 шілдедегі есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында өтелмеген несиелері бар Қазақстан Республикасының азаматтарын есептен шығару үшін шаралар қабылдау;

2) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдерімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қаржы ұйымдарының жауапкершiлiгiн күшейтуге бағытталған нормативтiк шаралар кешенiн қабылдайды, оның iшiнде:

1) 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың кепілсіз өтелмеген барлық несиелері бойынша қарызды беру мен қызмет көрсетуге байланысты айыппұлдарды, комиссияларды және өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу;

2) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға несие беруге тыйым салу;

3) кепілсіз тұтынушылық несиелер беруде қосымша реттеу шараларын қарастыру;

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне жүктеледі.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Диетасыз арықтаудың тиімді жолы табылды

Жай пиццаның өзінде 678 калория бар, үлкен пиццада — 1923

Танымал тележурналист Димаш Құдайбергенді әлемнің жаңа секс-символы атады 

Әнші "Olympic" атты әсем әнімен Сочи қаласында өтетін "Новая волна" жас дарындар байқауын ашты

Қазақстандық әйел бір жыл бұрын ресейлік экс-күйеуі алып қашқан баласымен қауышты

Ашынған ана Владимир Путиннен баланы қайтарып беруді сұраған

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған
Çàãðóçêà...