Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мажарстан премьер-министрін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Сіз Қазақстанда көрнекті саяси көшбасшы, уақыт сынынан өткен, әлемдік аренада үлкен құрметке лайық дос ретінде танымалсыз. Осыған байланысты сіздің қазақ-мажар қарым-қатынасын дамытуға ұдайы қосып келе жатқан үлесіңізді және көрнекті басқарушылық қабілетіңізді жоғары бағалайтынымызды айтқым келеді. Көп жағдайда сіздің қалтқысыз күш салуыңыздың, мызғымас жеке ұстанымыңыздың арқасында екі арадағы әріптестіктің келешегіне үлкен оптимизммен, тың талпыныспен қараймыз", — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Виктор Орбанның қос халықтың ынтымағы жолында сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.

"Сізді І дәрежелі “Достық“ орденімен марапаттау жөнінде шешім қабылдадым. Бұл — терең құрмет пен ізеттің, тату халықтарымыздың бірлігінің, қарым-қатынасымызды нығайтуға деген берік ынтаның, өзара құрметке құрылған сенімнің символы", — деді президент.

Айта кетейік, Бүгін Қазақстанға Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан келіп, Тоқаев екеуі шағын құрамда келіссөз өткізді. 

Талқылау