Тоқаев Маңғыстау облысындағы ауыз су жетіспеушілігі мәселесін тез арада шешуді тапсырды
Президентке Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы тұрғыны тұщы су тапшылығы туралы өтініш айтқан. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Судың жетіспеушілігі әсіресе жаз мезгілінде айқын көрінеді.
Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін өңірде тұщыландыру зауыттары мен қондырғыларының құрылысы жүргізілуде.
Мұнайлы ауданында күрделі жағдай қалыптасуда. "Каспий" тұщыландыру зауытында жөндеуге байланысты ауданға су беру тәулігіне 13 мың м3-тен тәулігіне 10 мың м3-ке дейін төмендеді.
Үкімет резервінен "Каспий" тұщыландыру зауытының қуатын тәулігіне 20 мың м3 -ке ұлғайтуға 5,6 млрд теңге бөлінеді. Жеткізу тәулігіне 40 мың м3 ауыз суға дейін жеткізіледі.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр