Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев лаңкестік кезінде қаза тапқан Қарулы Күштер подполковнигін орденмен марапаттады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (марқұм) Сәндібек Қайыров ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын (марқұм)", делінген Жарлықта.

Алматыда қаланы қорғау кезінде шабуылдаушылардың қолынан қаза тапқан қарулы күштердің офицері Сәндібек Қайыровпен қоштасу рәсімі өтті. 

35-гвардия десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары подполковник Сәндібек Қайыров конституциялық құрылымды ерлікпен қорғап, қаза тапты. Ол әскери қызметшілерді қала әкімдігінің шабуыл жасалған ғимаратынан шығарып үлгерді, бірақ өзі қорғана алмады

Қала әкімі Сәндібек Қайыровтың отбасына материалдық көмек көрсетілгенін, сондай-ақ пәтер берілетінін хабарлады.

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр