БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда жаңа білім және ғылым министрі тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованы қызметінен босатты. Аталған ведомствоның басшылығына Асхат Аймағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Аймағамбетов

«Мемлекет басшысының жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі қызметінен босатылды», - делінеді жарлықта.

«Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», - делінеді жарлық мәтінінде. 

Анықтама:

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 2003-2006 жылдары аралығында Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, 2009 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алып, "саясаттану ғылымдары" бағыты бойынша РhD (саясаттану докторы) ғылыми дәрежесін иеленді. 

Еңбек жолын 2002 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің маманы ретінде бастады. 

2004-2005 жылдары аралығында "Аңсар" жастар лигасы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды. Сондай-ақ, осы кезде "Медиа СП" ЖШС директоры болды. 

2005-2012 жылдары аралығында Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының доценті қызметін атқарды. 

Бұдан кейін Қарағанды қалалық мәслихаты III және IV шақырылымының депутаты болды. 

Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүріп, 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметке кірісті. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр