Тоқаев коронавирус жұқтырған депутат Бекболат Тілеуханның тез сауығып кетуін тіледі
Тоқаев Қазақстан парламентінің төменгі палатасының депутаты Бекболат Тілеуханға тезірек сауығып кетуді тіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы депутаттың жағдайының тезірек жақсаруын қалайтынын жеткізген. Ол өзінің ақжарма тілегін желідегі парақшасында бөліскен.
"Мен белгілі қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның тез сауығып кетуін тілеймін. Барлық азаматтарды аурудан сақ болуға шақырамын", - деп жазды Президент Твиттерде.
Бекболат Тілеухан коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстан Парламентінің бірінші депутаты болды. Ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында алдымен үйде емделгенін, бірақ кейін ауруханаға түскенін, қазір медициналық бақылауда екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған