Тоқаев коронавирус құрбандарын еске алуға қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және басқа да шенеуніктер коронавирус пандемиясынан көз жұмғандарды еске алуға қатысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді. Ақордада коронавирус құрбандарын еске алу рәсімі өткізіліп, бір минуттық үнсіздік жарияланбақ.
"Бүгін, жалпыұлттық аза тұту күні, коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алу үшін, бүкіл республика бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12: 00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және басқа да шенеуніктер Ақорда резиденциясының алдында пандемия құрбандарын еске алу рәсімін өткізеді", - дейді Берік Уәли.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"