Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соңғы демдері қалғанша күресті: Денсаулық сақтау министрі коронавирустан көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына көңіл айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алексей Цой әріптестерінің ерен еңбегін тілге тиек етіп, олар бүгінгі күннің батыры деп атап өтті. Сонымен қатар, министр дәрігерлерге алғысын білдірді. 

"Осы күндері менің әріптестерім – дәрігерлер мен медицина қызметкерлері өмірден озды, мәңгілікке көз жұмды, олар күтпеген қауіп-қатермен бетпе-бет келді, соңғы демдері қалғанша күресті. Бұл қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза. Олар өмірінің соңына дейін дәрігерлік борышын жанқиярлықпен атқарды. Біздің есімізде олар мәңгі нағыз батыр болып қалады", -деді А. Цой.

Сонымен қатар, министр еліміздегі коронавирустан көз жұмғандардың отбасына көңіл айтып, қайғаларына ортақ екенін жеткізді.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен жеке өзімнің атымнан жақындарынан айрылғандардың бәріне қайғырып көңіл айтамын. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз", - 

Алексей Цой пандемиямен күрес нәтижелі болуы үшін нақты қадамдар жасалуы керек екенін жеткізген. 

"Осы қауіп-қатерді тоқтату үшін мен және менің әріптестерім тәулік бойы жұмысымызды жалғасатырудамыз. Біз біргеміз, біз пандемияны жеңіп шығу үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз. Біз бұл қиындықты жұмыла отырып, жеңе алатынымызға сенімдімін" – деп Алексей Цой сөзін түйіндеді.


Талқылау