Қордай қақтығысы: Президент бірқатар лауазымды тұлғаларды жұмыстан босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы келеңсіздікке байланысты бірқатар шенеуніктерді лауазымдарынан айыруға бұйрық берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың сайтында жарияланды.
"ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С. Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б. Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды", - делінген ресми хабарламада.
Бұған қоса семлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А. Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А. Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген