Тоқаев: Кей адамдар жылымықты пайдаланып, әлеуметтік желіге жаппай шыға бастады
Кей адамдар жылымықты пайдаланып, әлеуметтік желіге жаппай шыға бастады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осы орайда партия өз жұмысын жандандырып, ұйымның рөлін күшейте түскені жөн. Жылдар бойы үнсіз болған, саясатпен айналысып жүрген кейбір адамдар қазіргі жылымықты пайдаланып, әлеуметтік желіге жаппай шыға бастады. Олар ақпараттық кеңістікті жайлап алды деуге болады. Неше түрлі қауесет, жалған ақпарат тарап жатыр", – деді мемлекет басшысы партиясының кезектен тыс съезінде.
ҚР Президенті мұндай ахуал елді адастыруы мүмкін екендігін ескертті.
"Ашығын айтсақ, біздің жоспарларымызды, қолға алып жатқан іс-шараларымызды көпшілік біле бермейді. Партия белсенділері заманауи ақпарат құралдарын пайдаланып, саясатымызды жұртқа жан-жақты түсіндіруі қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар