Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңыздылығын айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі тағайындалғаны жайлы айтылған еді.
Мектепте хиджабқа ғана емес, діни сипаттағы кез келген киім элементіне шектеу қойылады – Дінтанушы
Дінтанушының пікірінше, талап оқушылар арасында әлеуметтік немесе діни ерекшеліктеріне қарай жіктелудің алдын алуға бағытталған
Астаналық әйелдің егіздері бірі құрсақта, бірі туған соң шетінеп кеткен: Туыстарының шағымынан кейін перзентхана тексеріліп жатыр
Іші көгеріп кеткен әйелді дерматологқа жіберіп, антибиотиктермен емдеген
