Тоқаев қазақстандықтардан дүрбелең тудырмауды өтінді
Қазақстан президенті халыққа дәрі-дәрмекке деген дүрлікпе сұраныс аясында үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын", - деп жазды Twitter-де мемлекет басшысы.
Бұған дейін дәрі-дәрмектердің қымбаттауына байланысты қайда шағымдануға болатыны туралы хабарланды.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен