Дәрі-дәрмектердің қымбаттауына байланысты қайда шағымдануға болады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов дәрі-дәрмек бағасы бойынша қайда шағымдануға болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Дәрілік препараттар бойынша өте көп шағым түсуде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алыпсатарлықтың жолын кесетін мобильді топ құрдық. Бұған дейін де азаматтарға айтқан едік, тағы қайталап айтайын, дәріханалардағы бағалардың шарықтауы бойынша 109 нөміріне хабарласу керек. Мобильді топ мәселенің мән-жайын анықтайды", - деді Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Әкімнің сөзіне қарағанда, соңғы екі күнде мобильді топ тексеріс жүргізіп, заңсыз 15 фактіні тіркеген.
"Соңғы екі күнде ауқымды сұранысты пайдаланып, дәрі-дәрмекті алып-сатқан 15 жағдай тіркелді. Ол үшін 8 адам жауапқа тартылады. Оның біреуі заңға сәйкес жазаланды. Біз бұл мәселені бақылауға аламыз", - деді Алтай Көлгінов.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды