Тоқаев Қазақстандағы жол сапасын сынады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жолдардың сапасы сын көтермейтінін, тұрғындардың наразылық тудыратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр", - дейді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды түзетуді тапсырғанын айтты.
"Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым", - деді мемлекет басшысы.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан