Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтерілмек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, Қазақстанның басты байлығы – еліміздің азаматтары. Сондықтан халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жаңа жұмыстар жасалады. 

“Сіздердің амандықтарыңыз – менің президент қызметіндегі ең басты мақсатым әрі тілегім. Сондықтан менің келесі бастамаларым ең алдымен халқымыздың әл ауқатын арттыруға арналады. Біріншіден, ең төменгі жалақыны қайта қарау қажет. Бұл ең маңызды макроиндикатор. Ең төменгі жалақы 2018 жылдан бері көтерілген жоқ. Әлемдік коронокризис халықтың табысына қысымды күшейтті. Ең төменгі жалақы деңгейі бойынша Қазақстан бірқатар ТМД елдерінен төмен тұр. Сондықтан 2022 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42500-ден 60000-ға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдаймын. Бұл 1 миллионнан астам адамға тікелей әсер етеді. Ең төменгі жалақының өсуі ішкі тұтынудың өсуіне экономикалық жағынан оң әсерін тигізеді”, – дейді президент. 

Оның айтуынша, бұл шара бір миллионнан астам адамға, ал жанама түрде барлық еңбекшілерге қатысты болады.

“Төменгі жалақыны көтеру мөлшері бүгінде декларацияланғандардың 30% — ына, мүмкін 40% — ына жететін көлеңкелі жалақы қорын азайтады. ЕТЖ-нің артуы ішкі тұтынудың өсуі түрінде оң экономикалық әсер етеді. Сарапшылардың бағалауынша, бұл жалпы ішкі өнімнің 1,5% – ға артуына алып келеді", — дейді Тоқаев.

Талқылау