Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Қазақстан QazVac вакцинасын мұсылман елдерге тегін жіберуге дайын

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде өзінің QazVac вакцинасын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) елдеріне жіберуге дайын. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев ИКҰ-ның ғылым мен технологияға арналған екінші саммиті кезінде айтты.

тоқаев

“Қазіргі уақытта дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан келісім алу процесі жүріп жатыр. Қазақстан Ислам Ынтымақтастық Ұйымы елдеріне өз вакцинасын гуманитарлық көмек ретінде беруге дайын болады", – деді Тоқаев.

“Сонымен қатар Қазақстан QazVac-ты басқа ИЫҰ елдерінде шығару мүмкіндігін қарастыруы мүмкін”, – деді президент.

“Мемлекет басшысы вакциналарды әділ таратуға шақырды. Ол екпені саяси құрал ретінде қолдануға болмайтынын баса айтты”, – деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар Тоқаев Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымы елдерінің студенттері үшін отандық білім беру ұйымдарында бакалавриат бағдарламасы бойынша 100 грант бөлуге дайын екенін айтты.

Саммит бейнеконференция арқылы өтті. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына 57 мемлекет кіреді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой ғалымдар мен дәрігерлер қауымдастығының QazVac коронавирусына қарсы қазақстандық вакцина жасаушыларға қарсы сын-пікірлеріне түсініктеме берді. Ол өзінің осы вакцинамен вакцинацияланғанын және өзін керемет сезінетінін, клиникалық зерттеулердің егжей-тегжейлі параметрлері жақын арада жарияланатынын айтты.

Елімізде отандық вакцина шығаратын зауыт әлі іске қосылмаған – оны 2021 жылдың маусымында сынақ режимінде ашу жоспарланған болатын.

Талқылау