Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының екі орынбасарын қызметінен босатты
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының екі бірдей орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/hodji_akbar/aurikadiak
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды”, – деп жазды Ақорда.
Олардың орнына Лугмар Харкиевич Буларов пен Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.
Бұған дейін Маңғыстауда жартасқа қызының есімін қашап жазған шенеунік тағы да қызметінен босатылған еді.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр